Іс-шараға қатысқыңыз келе ме?
Қатысушы формасын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің қатысуыңызды растау үшін, біз Сізге жақын арада хабарласамыз.
Өте қызық| Дата | 2026 ж. 22 мам. |
| Санат | Оқиғалар |
«Тұран-Астана» университеті» мекемесі профессор-оқытушылық құрамының төмендегі бос лауазымдарына конкурс жариялайды:
Құқық және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі:
Бизнес және цифрлық технологиялар жоғары мектебі:
Профессор-оқытушылық құрамының бос лауазымдарын конкурстық негізде толтыруға «Тұран-Астана» университеті қызметкерлерінің лауазымдық біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін профиль бойынша жоғары және/немесе жоғарыдан кейінгі білім алған және практикалық тұрғыда тәжірибесі бар тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: бекітілген үлгі бойынша өтініш; жоғары білім туралы дипломдар мен/немесе академиялық және/немесе ғылыми дәрежені растайтын құжаттардың көшірмелері; ғылыми атақты растайтын құжат; ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (бар болса); еңбек өтілі мен кәсіби деңгейді растайтын құжат (кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан сертификаттар).
Конкурсқа қатысушы өз білімін, жұмыс тәжірибесін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстарды және басқа да қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер мен құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қ., Ы. Дүкенұлы к-сі, 29 үй, В606 кабинет немесе электрондық пошта арқылы: cv@tau-edu.kz
Құжаттарды қабылдау мерзімі мен уақыты: 2026 жылғы 22 маусым, сағат 18:00-ге дейін.
Кафедраларда сұхбат алу 2026 жылғы 23 маусымда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.
Бос лауазымдарды толтыруға арналған КОНКУРС 2026 жылғы 24–26 маусымда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді, мекен-жайы: Астана қ., Дүкенұлы к-сі, 29 үй, В410 кабинет.
Қатысушы формасын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің қатысуыңызды растау үшін, біз Сізге жақын арада хабарласамыз.
Өте қызық