Қызықты

«Тұран-Астана» университеті инновациялық идеяларды қолдауға, кәсіпкерлік ойлауды дамытуға және стартап-экожүйені қалыптастыруға бағытталған «TAU Startup Battle» конкурсының өткізілетінін жариялайды

Конкурстың мақсаты

 

Перспективалы стартап-жобаларды анықтау және қолдау, инновациялық белсенділікті ынталандыру, технологиялық және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту.

 

Тіркелу және өтінімдерді қабылдау

 

Конкурсқа қатысу үшін 2026 жылдың 2 қарашасына дейін (қоса алғанда) k.shebeko@tau-edu.kz электрондық поштасына келесі материалдарды жіберу қажет:

  1. Жоба командасы туралы ақпарат (қатысушылардың ТӘА, мәртебесі – студент/магистрант/докторант/кәсіпкер, жоғары оқу орны немесе ұйым, байланыс деректері);
  2. Жобаның таныстырылымы (презентациясы);
  3. Жобаның қысқаша сипаттамасы.

 

Қатысуға шақырылады:

 

  • «Тұран-Астана» университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары;
  • Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің білім алушылары;
  • Жас кәсіпкерлер, стартап негізін қалаушылар және бизнес-идея авторлары;
  • Құрамында студенттер, түлектер және әртүрлі сала мамандары бар жобалық командалар.

Оқытушылар мен салалық сарапшылар ментор немесе сарапшылар комиссиясының мүшесі ретінде қатыса алады.

 

Жобалардың форматы

 

Конкурсқа инновациялық құрамдас бөлігі, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық немесе технологиялық маңызы бар идея, прототип немесе ерте іске асыру (ранняя реализация) сатысындағы жобалар қабылданады.

 

Жоба келесі элементтерді қамтуы тиіс:

 

  • Мәселенің (проблеманың) сипаттамасы және оның шешімі;
  • Мақсатты аудитория;
  • Тәсілдің инновациялылығы;
  • Іске асыру немесе монетизациялау моделі (бар болса);
  • Жоба командасы және рөлдердің бөлінісі туралы мәліметтер.

Таныстырылымға (презентацияға) қойылатын талаптар:

  • Сөз сөйлеу ұзақтығы — 7 минутқа дейін;
  • Бейнеролик көрсетуге рұқсат етіледі (1 минутқа дейін).

Жобаларды бағалау критерийлері:

  • Идеяның бірегейлігі — жаңалығы, ерекшелігі.
  • Іске асырылуы — модельдің негізділігі және ұсынылған шешімнің шынайылығы.
  • Инновациялылығы — технологиялық, ғылыми немесе әлеуметтік инновацияның деңгейі.
  • Команда — құзыреттілік, тәжірибе, рөлдердің бөлінісі.
  • Әлеуметтік/экономикалық маңызы — қоғамға немесе нарыққа ықтимал әсері.
  • Ауқымдау әлеуеті — жобаның тұрақтылығы мен даму перспективалары.

 

Сарапшылар комиссиясы:

 

  1. Смоилов Самат - комиссия төрағасы, Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор;
  2. Айымқұлов Рахат - Бизнес және цифрлық технологиялар жоғары мектебінің деканы;
  3. Нарбинова Миргүл - Құқық және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы;
  4. Айтжанова Томирис - Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;
  5. Алпысбаев Бауыржан - сарапшы (келісім бойынша);
  6. Штепа Владимир - ZHEJIANG REACH GREEN ENVIROTECH CO., LTD (ҚХР) жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);
  7. Сымбат Дамир - 2025 жылғы студенттік стартаптарды іске асыруға гранттар бөлуге арналған «TAU Startup Funding Challenge» конкурсының жеңімпазы.

Жеңімпаздарды марапаттау:

  • 1, 2 және 3-орындар;
  • Арнайы номинациялар (қазылар алқасының шешімі бойынша).

Жеңімпаздар мен финалистер келесі мүмкіндіктерге ие бола алады:

  • «TAU-InnoHub» акселерация бағдарламаларына қатысу сертификаттары;
  • Менторлардың кеңестері;
  • Университет инфрақұрылымына қолжетімділік;
  • Демеушілер тарапынан қарастырылған басқа да жүлделер.

Конкурс «TAU Startup Battle» студенттік стартап-жобалар конкурсы туралы Ереже негізінде өткізіледі.

 

Байланыс тұлғасы:
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Константин Шебеко
Кәсіпкерлік орталығының басшысы
«Тұран-Астана» университеті
???? k.shebeko@tau-edu.kz