Іс-шараға қатысқыңыз келе ме?
Қатысушы формасын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің қатысуыңызды растау үшін, біз Сізге жақын арада хабарласамыз.
Өте қызық| Дата | 2026 ж. 27 қаз. |
| Санат | Оқиғалар |
Кітап – сарқылмас білім көзі, зияткерлік даму мен рухани байлықтың негізі болып қала береді. Сандық технологиялар қарқынды дамыған заманда сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға, өрісті кеңейтуге және сауатты, ойшыл ұрпақтың қалыптасуына ықпал ететін саналы кітап оқу мәдениетін орнықтырудың маңызы ерекше.
2026 жылғы 14 қазанда «Тұран-Астана» университетінде университет кітапханасының ұйымдастыруымен республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын қолдау мақсатында жаңадан келіп түскен кітаптардың көрмесі өтті.
Оқу корпусының фойесінде жайғасқан экспозицияға ғылым мен білімнің әртүрлі бағыттарын қамтитын 168 жаңа басылым қойылды. Олардың қатарында оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми әдебиеттер, сондай-ақ заманауи технологиялар мен қоғам дамуының өзекті үрдістеріне арналған кітаптар бар.
Шара барысында студент жастар арасында кітап оқуды танымал етуге және білімді өз бетінше меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында келушілерге кітаптардың тақырыптық бейнепрезентациясы ұсынылып, марафонға қатысу үшін тіркелу тәртібімен, оқырман пікірлерін дайындау ережелерімен және электронды кітапхана ресурстарын пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырды.
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны кітапқа деген қызығушылықты арттыруға, тұрақты оқу дағдыларын қалыптастыруға және кітап оқуды қоғамның зияткерлік әрі мәдени дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде бекітуге бағытталған. Университет ортасы үшін бұл бастаманың маңызы зор, өйткені кітап оқу кәсіби білімді кеңейтіп қана қоймай, ақпаратты талдау, өз ұстанымын дәлелді түрде жеткізу және өз бетінше ойлау қабілетін дамытады.
Республикалық марафонды қолдай отырып,
«Тұран-Астана» университеті кітап оқу мәдениетін жүйелі түрде дамытып, студенттердің зияткерлік тұрғыдан өсуіне жағдай жасайды және кітапхананың білім беру, ғылыми ізденіс пен тұлғалық даму кеңістігі ретіндегі рөлін нығайтады. Өйткені кітап оқитын жастар – елдің зияткерлік әлеуеті, оның болашақ жетістіктері мен жаңа мүмкіндіктерінің негізі.