«TAU-InnoHub School» стартап жобалары конкурсы орта білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған
Қызықты

«TAU-InnoHub School» стартап жобалары конкурсы орта білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған

«TAU-InnoHub School» стартап жобалары конкурсы
орта білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған

2025–2029 жылдарға арналған университетті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында және орта білім беру ұйымдарының дарынды оқушыларын қолдау мақсатында «TAU-InnoHub School» стартап жобалар конкурсы жарияланады.

Тіркеу үшін қатысушылар 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін келесі құжаттарды k.shebeko@tau-edu.kz электронды пошта мекенжайына жіберуі қажет:

  1. Жоба тобы туралы ақпарат:
    • Тегі, аты, әкесінің аты қазақша, орысша және ағылшынша;
    • Орта білім беру ұйымының атауы мен мекенжайы;
    • Сынып;
    • Байланыс деректері (телефон, email).
  2. Жобаның сипаттамасы (1-2 бет);
  3. Жобаның презентациясы.

 

Конкурс комиссиясының құрамы:

  1. Смоилов Самат Жумагалиевич – Комиссия төрағасы, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор;
  2. Аимкулов Рахат Ашкенович – Бизнестің және цифрлық технологиялардың жоғары мектебінің деканы;
  3. Нарбинова Миргуль Майдановна – Құқық және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы;
  4. Рахымбекова Айгуль Мэлсовна – Ментор;
  5. Байрамов Камал – 2025 жылғы студенттік стартап жобалары конкурсының жеңімпазы;
  6. Авезханова Ақерке – 2025 жылғы студенттік стартап жобаларын жүзеге асыруға гранттар беру

 

Конкурсқа қатысуға 10–11 (12) сынып оқушылары, сондай-ақ конкурс комиссиясының шешімі бойынша 8–9 сынып оқушылары қатыса алады. Менторлар ретінде орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.

Жобалардың форматы: Қатысушылар стартаптар немесе жобаларды ұсынуы керек, олар экономиканың және әлеуметтік саланың инновациялық идеялары, ұсыныстары немесе шешімдерін қамтуы тиіс.

 

Жобаларға қойылатын талаптар:

  1. Жоба оригинал болуы керек, жаңашылдық элементтерін қамтуы және практикалық маңызы болуы тиіс.
  2. Жоба идея немесе әзірлеу кезеңінде болуы керек.
  3. Жобаның презентациясы 7 минуттан аспауы тиіс.

 

Жобаларды бағалау критерийлері:

  • Идея: Стартап идеясының түпнұсқалығы мен сұраныс дәрежесі.
  • Реализация: Жобаны жүзеге асыру моделі негізделген дәрежесі.
  • Инновационность: Шешімнің немесе тәсілдің жаңашылдығы.
  • Команда: Мықты және кәсіби команданың болуы, оның тәжірибесі мен біліктілігі.
  • Әлеуметтік маңыздылық: Жобаның қоғамға немесе оның қолдану саласына әсері.
  • Перспективтілік және тұрақтылық: Стартаптың болашақта дамуы үшін әлеуеті.

 

Конкурс «TAU-InnoHub School» стартап жобалары конкурсы
орта білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған Положение негізінде өткізіледі.

Байланыс деректері:
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Константин Шебеко
Лауазымы: ТУРАН-АСТАНА Университеті кәсіпкерлік орталығының жетекшісі
Электронды пошта: k.shebeko@tau-edu.kz

 

 

Байланыс орталығы