Астана, Казахстан +7 700 139 51 10 admissions@tau-edu.kz
Turan-Astana University
Қызықты

TAU Startup Funding Challenge 2026: студенттік стартаптарды қолдау және гранттарға өтінім қабылдау басталды

«Тұран-Астана» университеті TAU Startup Funding Challenge 2026 байқауын жариялайды. Біз коммерцияландыру әлеуеті жоғары перспективалы студенттік жобаларды іздейміз және қолдаймыз.

Қатысушыларға арналған мүмкіндіктер:

Перспективалы жобалар университет тарапынан ұсынылатын екі негізгі қолдау құралына үміткер бола алады:

TAU Founder Fellowship бағдарламасы. Негізін қалаушыларды кешенді сүйемелдеу: оқудың қалған кезеңіне төлемақыны кейінге қалдыру, зертханалар мен TAU-InnoHub орталығына қолжетімділік, сарапшылардың тәлімгерлігі (менторлық), акселераторларға қатысу және инвесторларды табуға көмектесу. Қатысу жеке іріктеу қорытындысы бойынша рәсімделеді және қаржылық міндеттемелерді, сондай-ақ стартаптағы келісілген үлесті университетке беруді көздейді.

TAU Стартаптар қорынан қаржыландыру. Мақсатты гранттар, прототип пен MVP әзірлеу ақысын төлеу, пилоттық іске қосуларды қолдау, қайтарымды қаржыландыру немесе капиталға инвестиция салу. Қаражат бөлу туралы шешім жобаға сараптамалық бағалау жүргізілгеннен кейін жеке рәсім бойынша қабылданады.

Қатысушылар мен жобаларға қойылатын талаптар:

Кім қатыса алады: «Тұран-Астана» университетінің студенттері (жеке немесе 5 адамға дейінгі команда құрамында).

Жобаға қойылатын талаптар: әзірлеу немесе іске асыру кезеңінде болуы, инновациялылығы, өміршеңдігі және нарыққа шығу перспективасы.

Бағалау критерийлері: идеяның бірегейлігі, коммерциялық әлеуеті, іске қосуға дайындық дәрежесі, команданың құзыреттілігі, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық маңыздылығы.

Өтінімді қалай беруге болады:

Өтінімдер 2026 жылғы 10 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
 Құжаттар топтамасын мына электрондық поштаға жіберіңіз: k.shebeko@tau-edu.kz

Хатқа келесі құжаттарды тіркеу қажет:

  1. Қатысушылар туралы ақпарат: қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық аты-жөні (Т.А.Ә.), білім беру бағдарламасы, курсы/тобы, байланыс телефоны және email.
  2. Жобаның қысқаша сипаттамасы (көлемі 1–2 бет).
  3. Бизнес-жоспар (бар болған жағдайда).

Ұйымдастырушылар өтінімді қарау барысында қосымша материалдарды сұратуға құқылы.

 

TAU Startup Funding Challenge 2026 - өз идеяңды танытуға, университеттің қолдауына ие болуға және TAU-дың қарқынды дамып келе жатқан кәсіпкерлік экожүйесінің бір бөлігіне айналуға берілген мүмкіндік!