«Тұран-Астана» университеті инновациялық идеяларды қолдауға, кәсіпкерлік ойлауды дамытуға және стартап-экожүйені қалыптастыруға бағытталған «TAU Startup Battle» конкурсының өткізілетінін жариялайды
| Дата |
2026 ж. 23 қыр. |
| Санат |
Оқиғалар |
Конкурстың мақсаты
Перспективалы стартап-жобаларды анықтау және қолдау, инновациялық белсенділікті ынталандыру, технологиялық және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту.
Тіркелу және өтінімдерді қабылдау
Конкурсқа қатысу үшін 2026 жылдың 2 қарашасына дейін (қоса алғанда) k.shebeko@tau-edu.kz электрондық поштасына келесі материалдарды жіберу қажет:
- Жоба командасы туралы ақпарат (қатысушылардың ТӘА, мәртебесі – студент/магистрант/докторант/кәсіпкер, жоғары оқу орны немесе ұйым, байланыс деректері);
- Жобаның таныстырылымы (презентациясы);
- Жобаның қысқаша сипаттамасы.
Қатысуға шақырылады:
- «Тұран-Астана» университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары;
- Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің білім алушылары;
- Жас кәсіпкерлер, стартап негізін қалаушылар және бизнес-идея авторлары;
- Құрамында студенттер, түлектер және әртүрлі сала мамандары бар жобалық командалар.
Оқытушылар мен салалық сарапшылар ментор немесе сарапшылар комиссиясының мүшесі ретінде қатыса алады.
Жобалардың форматы
Конкурсқа инновациялық құрамдас бөлігі, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық немесе технологиялық маңызы бар идея, прототип немесе ерте іске асыру (ранняя реализация) сатысындағы жобалар қабылданады.
Жоба келесі элементтерді қамтуы тиіс:
- Мәселенің (проблеманың) сипаттамасы және оның шешімі;
- Мақсатты аудитория;
- Тәсілдің инновациялылығы;
- Іске асыру немесе монетизациялау моделі (бар болса);
- Жоба командасы және рөлдердің бөлінісі туралы мәліметтер.
Таныстырылымға (презентацияға) қойылатын талаптар:
- Сөз сөйлеу ұзақтығы — 7 минутқа дейін;
- Бейнеролик көрсетуге рұқсат етіледі (1 минутқа дейін).
Жобаларды бағалау критерийлері:
- Идеяның бірегейлігі — жаңалығы, ерекшелігі.
- Іске асырылуы — модельдің негізділігі және ұсынылған шешімнің шынайылығы.
- Инновациялылығы — технологиялық, ғылыми немесе әлеуметтік инновацияның деңгейі.
- Команда — құзыреттілік, тәжірибе, рөлдердің бөлінісі.
- Әлеуметтік/экономикалық маңызы — қоғамға немесе нарыққа ықтимал әсері.
- Ауқымдау әлеуеті — жобаның тұрақтылығы мен даму перспективалары.
Сарапшылар комиссиясы:
- Смоилов Самат - комиссия төрағасы, Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор;
- Айымқұлов Рахат - Бизнес және цифрлық технологиялар жоғары мектебінің деканы;
- Нарбинова Миргүл - Құқық және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы;
- Айтжанова Томирис - Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;
- Алпысбаев Бауыржан - сарапшы (келісім бойынша);
- Штепа Владимир - ZHEJIANG REACH GREEN ENVIROTECH CO., LTD (ҚХР) жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);
- Сымбат Дамир - 2025 жылғы студенттік стартаптарды іске асыруға гранттар бөлуге арналған «TAU Startup Funding Challenge» конкурсының жеңімпазы.
Жеңімпаздарды марапаттау:
- 1, 2 және 3-орындар;
- Арнайы номинациялар (қазылар алқасының шешімі бойынша).
Жеңімпаздар мен финалистер келесі мүмкіндіктерге ие бола алады:
- «TAU-InnoHub» акселерация бағдарламаларына қатысу сертификаттары;
- Менторлардың кеңестері;
- Университет инфрақұрылымына қолжетімділік;
- Демеушілер тарапынан қарастырылған басқа да жүлделер.
Конкурс «TAU Startup Battle» студенттік стартап-жобалар конкурсы туралы Ереже негізінде өткізіледі.
Байланыс тұлғасы:
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Константин Шебеко
Кәсіпкерлік орталығының басшысы
«Тұран-Астана» университеті
???? k.shebeko@tau-edu.kz