«Жастар және құқық, экономика, білім беру салаларындағы инновациялар» атты студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Қызықты

«Жастар және құқық, экономика, білім беру салаларындағы инновациялар» атты студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Құрметті студенттер, магистранттар мен докторанттар!

 

2021 жыл 15 сәуірде «Тұран-Астана» университетінде ғылым апталығы аясында тұңғыш қазақ ғарышкер,  Кеңес Одағының Батыры, академик, Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор -Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 75 жылдық мерейтойына және ғарышқа  ұшуының 30 жылдығына  арналған «Жастар және құқық, экономика, білім беру салаларындағы инновациялар» атты студенттер, магистранттар мен докторанттар  үшін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.

Конференцияның мақсаты  - жас зерттеушілердің өзін-өзі кәсіби тұрғыда жүзеге асыруы және оларға аймақтық, жаһандық сипаттағы өзекті мәселелерді шешетін алаң құру.

Конференцияның міндеттері - ғылымда, білім беруде, өндірісте инновациялық технологияларды пайдаланудың жаңа ғылыми және тәжірибелік нәтижелерін қарау; идеялармен алмасу, одан әрі зерттеу үшін бірлескен бағыттарды іздеу, оқу, ғылыми және өндірістік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту; жаңа байланыстар орнату және жастарды ғылыми ізденіске тарту.

Конференцияға қатысу - бұл студенттерге, магистранттар мен докторанттарға ғылым мен білім саласындағы ғылыми жетістіктерін сынақтан өткізудің тағы бір керемет мүмкіндігі!

 

Қазақ тіліндегі ақпараттық хат
Орыс тіліндегі ақпараттық хат
Ағылшын тіліндегі ақпараттық хат
Конференция бағдарламасы

Контакт - центр