Іс-шараға қатысқыңыз келе ме?
Қатысушы формасын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің қатысуыңызды растау үшін, біз Сізге жақын арада хабарласамыз.
Өте қызық| Дата | 2026 ж. 05 қар. |
| Санат | Оқиғалар |
2026 жылғы 5 қарашада «Тұран-Астана» университетінде бітіруші курс студенттеріне арналған жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық кездесу өтеді.
Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, субсидияланатын жұмыс орындарының түрлері, кәсіптік білім алу мүмкіндіктері, сондай-ақ жұмыс іздеуші ретінде тіркелу тәртібі туралы ақпарат алады.
Бітірушілерге алғашқы кәсіби тәжірибе жинауға, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды дамытуға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға көмектесетін бағдарламаларға ерекше назар аударылады.
Кездесу бағдарламасында:
Спикерлер:
Күні: 2026 жылғы 5 қараша
Уақыты: 15:10
Өтетін орны: «Тұран-Астана» университеті, 208 В аудиториясы.
Уйымдастырушылар: «Тұран-Астана» университетінің Практиканы үйлестіру және бизнес-серіктестік орталығы — Елшибекова Құралай Жанатқызы және Каиржанов Тамирлан Сайранбекұлы.
Бітіруші курс студенттерін кездесуге қатысып, кәсіби қызметті табысты бастауға арналған қолжетімді мүмкіндіктер туралы өзекті ақпарат алуға шақырамыз.