Қызықты

Әр жыл сайын біздің университетте Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ғарышкер-зерттеуші, техника ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің атындағы атаулы шәкіртақы тағайындауға арналған конкурс өткізіледі.

Әр жыл сайын біздің университетте Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ғарышкер-зерттеуші, техника ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің атындағы атаулы шәкіртақы тағайындауға арналған конкурс өткізіледі.

 

Аталған шәкіртақының иегері болу үшін студент:

ең жоғары академиялық рейтингке ие болуы;

университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы;

ғылыми қызметте елеулі жетістіктер көрсетуі тиіс.

 

Үздік үміткерлердің есімдері университеттің Ғылыми кеңесінің отырысында бекітіледі.

 

Шәкіртақы оқуында, ғылыми-зерттеу жұмысында, спортта және шығармашылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген 2–3 курс студенттеріне тағайындалады.

 

Өтініштерді қабылдау мерзімі: жыл сайын 27 қаңтардан 10 ақпанға дейін.

 

Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Конкурсқа қатысу туралы ұсыныс (1-қосымшаға сәйкес, 1 беттен аспауы тиіс);

2. Қатысушының сауалнамасы (белгіленген формаға сәйкес, 1 баспа бетінен аспауы керек);

3. Жеке куәліктің көшірмесі және транскрипттің көшірмесі;

4. Қатысушының портфолиосы.

 

Уәкілетті ұйымның мекенжайы:

Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі, 29, 113В кабинет.

 

Байланыс телефоны:

8 702 671 43 90 - Каиржанов Темирлан Сайранбекович

 

ПОЛОЖЕНИЕ ОБ ИМЕННОЙ СТИПЕНДИИ ТОХТАРА ОНГАРБАЕВИЧА АУБАКИРОВА В УНИВЕРСИТЕТЕ «ТУРАН-АСТАНА»