Университет
ТАУ Университетінің магистратурасына мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланды!
2026–2027 оқу жылына арналған магистратура бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсы аяқталды.
Конкурстан сүрінбей өтіп, «Тұран-Астана» университетінде білім алу үшін грант иегері атанған болашақ магистранттарды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — жаңа ғылыми жетістіктерге, кәсіби өсуге және жоғары біліктілікке жасалған маңызды қадам.
Грант иегерлерінің толық тізімімен университет сайтында таныса аласыздар: tau-edu.kz
ТАУ-дың академикалық қауымдастығына қош келдіңіздер! Ғылыми-зерттеу және кәсіби жолдарыңызға сәттілік тілейміз!