Воспитательная работа "Национальное и международное право"
«Абай» қойылымын тамашалау
Ұлттық және халықаралық кафедрасының Құқықтану ОБ 2курс студенттері куратор Н.Т.Какимжанованың жетекшілігімен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған М.Әуезовтің “Абай” қойылымын тамашалап келді.
Заңгер студенттерге Абай қойылымы ерекше ұнады. Терең ойға жетелейтін, тәрбиелік мәні жоғары қойылым әрқайсына әсер қалдырды. Ұлттың рухани болмысын, адамдық құндылықтарды, әділдік пен ардың жолын дәріптеген тағылымды туынды болды. Осындай қойылымдар арқылы студенттер рухани байып, кәсіби жолында да дұрыс бағдар алатынына сенімдіміз.