Учебно-методическая работа "Национальное и международное право"
Asia Zangeri байқауына қатысу
Ғылым апталығы – 2025 аясында «Туран-Астана» университетінің “Тұран қанаттары” командасы — құрамында Асанхан Заңғар, Мейманқұлова Гүлшат, Оңғар Нұрасыл — 65 команданың ішінен іріктеліп, Asia Zangeri байқауының екінші кезеңіне қатысып келді.
12 сәуірде өткен бұл байқауда команда 71 балл жинап, университеттің намысын абыроймен қорғады.
Команданың ғылыми жетекшісі — ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Рахымбекова А.М.
Құттықтаймыз! Жаңа белестерге жете беріңіздер!
