Халықаралық деңгейдегі қола: «Accounting Nomads» командасының жетістігі
«Бухгалтерлік есептің трансформациясы: үрдістер, сын-қатерлер және перспективалар» атты Халықаралық олимпиада аяқталды. Олимпиада Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан 34 команданы және 100-ден астам қатысушыны біріктірді.
Жоғары академиялық бәсекелестік жағдайында Тұран-Астана университетінің «Бизнес-администрирование» кафедрасының атынан қатысқан «Accounting Nomads» командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, құрметті 3-орынды иеленді.
Жүлдегер команда құрамы:
Қабдықәрім Мерей (УС-УА-24-1) - команда капитаны
Бодовова Дарина (УС-УА-24-2)
Молдағазы Ақмарал (УА-24-1)
Аманжолова Нурсана (УА-24-1)
Асетұлы Алан (УА-24-2)
Олимпиада бағдарламасы аясында жеке құзыреттерді бағалауға бағытталған профильдік тестілеу де өткізілді. Оның нәтижесі бойынша студент Асетұлы Алан жоғары нәтиже көрсетіп, жеке есепте 3-орынды иеленді.
Команданың ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының магистрі, тәжірибелі маман, «Бизнес-администрирование» кафедрасының аға оқытушысы Алиев Ақежан Серікұлы.
Студенттеріміз бен ғылыми жетекшіні халықаралық деңгейдегі жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта академиялық және кәсіби табыстар тілейміз.