Жаңалықтар
Воспитательная работа "Национальное и международное право"

Халықаралық білім көрмесі аясында кәсіби бағдар беру жұмысы


Бүгін «Туран-Астана» университетінде өткен Халықаралық білім көрмесі аясында «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасы 8 мектеп пен 1 колледждің оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді.

Қатысушыларға криминалистикалық полигон мен аудиториялық қор көрсетіліп, оқу процесі мен заңгер мамандығының ерекшеліктері таныстырылды. Көрсетілімге кафедра оқытушылары — Барсукова Р.А., Қарымсаков Р.Ш., Серимов У.С., Елеманов С.Х. белсенді қатысты.

Іс-шараға қатысқандар:
• «Туран» колледжі — Елеманов С.Х.
• №18 Мектеп — Какимжанова Н.Т.
• №14 Мектеп — Төлегенов А.З.
• №62 Мектеп — Танкенова Л.К.
• №7 Мектеп — Мұратова Г.М.
• №27 Мектеп — Сатаева А.Б.

Кәсіби бағдар беру кездесулері оқушыларға заңгер мамандығымен жақынырақ танысуға, қызықты сұрақтар қоюға және болашақ мамандыққа шабыттануға мүмкіндік береді

Поделиться
Барлық жаңалықтар