Конституциялық реформа: Елді жаңғыртудағы ғылым мен білімнің рөлі
«Тұран-Астана» университетінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының тұжырымдамалық ережелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара аясында ғылыми және сарапшылық қоғамдастық «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын іске асыру тетіктерін талдады. Пікірталасқа қатысушылар конституциялық өзгерістер саяси трансформация мен құқық қорғау институттарын нығайту ісі ғылым мен инновацияны мемлекеттік қолдау тетіктерімен тығыз интеграцияланған жаңартылған құқықтық архитектураны қалыптастыратынын атап өтті.
Елді құқықтық жаңғырту үдерісіндегі зияткерлік ресурстың рөліне ерекше назар аударылды. Ғалымдар конституциялық реформалардың маңызын білім беру және ғылым салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін фактор ретінде қарастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына жетекші заңгер-ғалымдар, академиялық орта өкілдері, конституциялық құқық және саясаттану саласындағы сарапшылар қатысты.