Учебно-методическая работа "Национальное и международное право"
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: «ХҚКК бірегей мәртебесі және оның принциптері»
2025 жылғы 24 қазанда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «ХҚКК бірегей мәртебесі және оның принциптері» атты дөңгелек үстелге «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Тулегенов А. З. халықаралық құқық мамандығының студенттерімен бірге қатысты.
Іс-шараға Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Орталық Азиядағы өкілдігінің операциялық қызметінің басшысы Джамиля Хаммами және Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында студенттер халықаралық гуманитарлық құқық саласындағы өзекті мәселелер мен Қызыл Кресттің адам құқықтарын қорғаудағы рөлін талқылады.
