Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Мемлекет басшысының Өкімімен Маңғыстау облысында әскери және қызметтік парызын атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
«Тұран-Астана» университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттер қауымдастығы қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, туған-туыстарына және қарулас жолдастарына қайғыра көңіл айтады.
Бұл - бүкіл ел үшін және әрқайсымыз үшін орны толмас ауыр қаза. Отанды қорғау, антқа адалдық және халыққа қызмет ету ерекше батылдықты талап етеді. Әскери борышын өтеу кезінде жан қиған батырлардың есімі мен бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.
«Тұран-Астана» университеті осынау ауыр қайғыға ортақтаса отырып, бүкіл республика жұртшылығымен бірге аза тұтады. Қазақ жерінің перзенттері туралы жарқын естелік еліміздің тарихында мәңгі қалады.