Учебно-методическая работа "Национальное и международное право"
Қонақ дәрісі Тұран-Астана университетінде
Тақырып: Интернет алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктері
Лектор: Көліктегі полиция департаментінің аға тергеушісі, полиция подполковнигі Есалин Р.А.
Тұран-Астана университетінде студенттер үшін қонақ дәріс өткізілді. Құқық қорғау саласының тәжірибелі маманы Есалин Р.А. интернеттегі алаяқтық қылмыстарының кең тараған түрлерін, тергеу барысында туындайтын қиындықтар мен олардың шешу жолдарын нақты мысалдар арқылы түсіндіріп берді.
Дәріс студенттер үшін ерекше қызықты өтіп, кәсіби тәжірибе тұрғысынан үлкен маңызға ие болды.
