Жаңалықтар
Учебно-методическая работа "Национальное и международное право"

Заң мен тәртіп» аясындағы қонақ дәрісі



Бүгін «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында студенттердің кәсіби бағдарын айқындау және практикалық құзыреттерін дамыту мақсатында арнайы іс-шара өтті.

«Туран–Астана» университетінің студенттер үшін мазмұнды қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Іс-шара спикерлері:
• ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, з.ғ.к. Н.Ш. Жемпиисов;
• Академияның докторанты, Жетісу облысы бойынша ЭТД-нің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, “Тергеушіге арналған мобилді портативті чемодан-үстел жинағының” авторы Е. С. Құрманбаев Ербол Сәкенұлы.

Дәріс барысында профессор Н.Ш. Жемпиисов студенттерге прокуратура органдарындағы қызметке орналасу мүмкіндіктері мен талаптары жөнінде кеңінен ақпарат берді, ал Құрманбаев Ербол Сәкенұлы патенттелген моделін таныстырып, оның тергеу барысында қалай қолданылатынын және практикалық артықшылықтарын түсіндірді.
Сонымен қатар, профессор Н.Ш. Жемпиисов өз авторлық кітаптарын университетке табыстап, студенттерге кәсіби білім мен ғылыми ізденістердің маңызын атап өтті.

Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби дамуына және болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен серпін береді.

Поделиться
Барлық жаңалықтар