«ТІЛ ҚАЗЫНА» II республикалық жастар ізбе-із аударма байқауы ТАУ университетінде өтті
Қазақстанның кәсіби аудармашылар қауымдастығы TAU университетімен (Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы), Аударма оқытушылары қауымдастығымен (Санкт-Петербург, Ресей) және Gala Global Group университет студенттері мен кәсіби білім беру мекемелерін, сонымен қатар тәжірибелі аудармашыларды «ТІЛ ҚАЗЫНА» II республикалық жастар ізбе-із аударма байқауына шақырды. Аталған іс-шара 2020 жылдың 7 ақпанында ТАУ университетінде «ӘР ТҮРЛІ ЕЛДЕРДІҢ АУДАРМАШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ БІРЛЕСТІКТЕРІ» тақырыбында өтті. Байқаудағы аударма тілдер жұптары: орыс - қазақ, орыс - ағылшын, ағылшын - қазақ.
Сайыс екі бөлімнен тұрды. Байқау рәсімі аудармашылардың жұмыс жағдайына барынша жақын болды. Бірінші турда орыс / қазақ тілдеріндегі үзінділер ағылшын тіліне аударылды. Екінші турда орысша / қазақшаға аудару үшін ағылшын тіліндегі аудио-видео презентациясы ойнатылды. Конкурсқа қатысушыларға жүйелі аударма дағдыларын және тиісті коммуникативтік мінез-құлық жағдайларын көрсету талап етілді.
Қатысушылардың шеберлігін беделді қазылар алқасынан құралған тәжірибелі аудармашылар бағалады: кәсіби аудармашылардың өкілдері және ана тілін жетік меңгерген: Қазақстан аударма академиясының директоры, Gala Global Group серіктесі, ағылшын-орыс тілдерінің синхронды аудармашысы Анна В. Лоенко; қатардағы аудармашы, Қазақстанның кәсіби аудармашылар және аударма компаниялары қауымдастығының мүшесі Искакова Шолпан Құдыбайқызы; «Армада» тілдік аударма орталығының негізін қалаушы және жетекшісі, Қазақстанның кәсіби аудармашылар және аударма компаниялары қауымдастығының мүшесі Евгений Бочаров; ЖШС «Kaz Minerals Bozshakol» аға аудармашысы Махметова Эльмира Талғатбекқызы; TV7 телеарнасындағы дубляж бөлімінің аудармашысы Кәрібаева Айғаным Асылбекқызы; үш тілді қатарлы, ілеспе аудармашы, техникалық аудармашы (каз-rus-eng) Медеуова Әсем Қайратқызы; ағылшын және қазақ тілдерінің ізбе-із және ілеспе аудармашысы Садвакова Меруерт Толгановна; қатардағы және ілеспе аудармашы Гүлнар Догалова.
Сайысқа Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Шымкент қалаларының студенттері қатысты. Байқауды ұйымдастырушы - ҚКААКҚ төрағасы, Gala Global Group серіктесі Алиева Күлшан, GalaGlobalGroup серіктесі Анна Лоенко және Тұран-Астана университетінің әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер кафедрасының аға оқытушысы Рустимова Салтанат.
Университет бұл шараны өткізуге қаржылық және материалдық-техникалық көмек көрсетті. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар баға жетпес тәжірибе мен алғыс хаттар алды. Ағылшын - орыс тілі жұпының жеңімпаздары 2020 жылдың 19-21 наурызында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін Tri-D-Int төртінші халықаралық студенттердің интерпретация байқауына қатысады.
Байқаудың ұйымдастырылуына әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер кафедрасының оқытушылары, Рустимова С.Г., Кунтубаева Г.О., Усинбаева А.К., Капанова А.К. және Мурзагалиева А.А белсене атсалысты.
Жарыс жоғары деңгейде өтті, қонақтар іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Іс-шара соңында естелік ретінде жалпы суретке түсті.