Воспитательная работа "Национальное и международное право"
Зияткерлік ойын
Бүгін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, Тұран-Астана университетінде Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Н.Т. Кәкімжанованың жетекшілігімен «ҚР сайлау заңнамасы және азаматтардың құқықтары» атты интеллектуалды ойын өтті.
Ойынға «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Экономиканы құқықтық реттеу» және «Цифрлық құқық» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Сарыарқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.А. Евниев шараның құрметті қонағы және белсенді қатысушысы болды.