Құрметті әріптестер, студенттер және қауымдастық мүшелері!
Студенттер мен оқытушыларды, сондай-ақ барша отандастарымызды айтулы мереке - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көк байрағымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз - бұл біздің егемендігіміздің, бірлігіміз бен Тәуелсіздігіміздің мызғымас белгілері. Мемлекеттік рәміздер әрбір азаматтың бойында отансүйгіштік сезімді ұялатып, ел игілігі жолында жаңа жетістіктерге жетелейді.
«Тұран-Астана» университеті жас ұрпақтың бойында мемлекеттік рәміздерге деген терең құрмет пен ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды. Біздің студенттеріміз бен түлектеріміз өз білімімен, ғылыми және спорттық жетістіктерімен еліміздің көк туын халықаралық аренада асқақтата беретініне сенімдіміз.
Осынау айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақ-береке және Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз! Еліміздің беделі биік, болашағы жарқын болсын!
Тұран-Астана» университеті