Халықаралық құқық бойынша республикалық пәндік олимпиада
2025 жылғы 18 сәуірде «Туран-Астана» университетінде Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында халықаралық құқық пәні бойынша ұйымдастырылды.
Байқау үш кезеңнен тұрды және қатысушылардан терең білім мен талдау қабілетін, сондай-ақ халықаралық құқық саласында сенімді дәлел келтіруді талап етті. Олимпиада жоғары деңгейде өтті, қатысушылар үлкен дайындықпен келіп, тартысты жарыс көрсетті.
Олимпиада жеңімпаздары:
1 орын — Гарипулаев Адиль (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ)
2 орын — Новоселов Ален (Caspian University), Мерғали Мадина (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
3 орын — Ернар Заңғар (Almaty Management University), Ахтаева Айша (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ), Березницкий Константин (Caspian University)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
