«Заң және тәртіп: тұрақты болашаққа бастар жол» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2026 жылғы 21 қаңтарда «Тұран-Астана» университетінің базасында профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен «Заң және тәртіп: тұрақты болашаққа бастар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері, сондай-ақ жастарды тәрбиелеудегі құқықтық мәдениеттің рөлі кеңінен талқыланды. «Заң және тәртіп» қағидатының қоғамның тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастырудағы маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасы аталған талқылауға белсенді қатысып, құқықтық ағарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында заңға құрметпен қарау мәдениетін нығайтудың өзектілігін атап өтті.
Өткен дөңгелек үстел кәсіби пікір алмасу мен мазмұнды дискуссия алаңына айналып, құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік берді.