Құқықтық алаң: «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу»
Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған іс-шара
Бүгін «Туран-Астана» университетінде студенттерге арналған «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбындағы мазмұнды және танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты — «Заң мен тәртіп» идеологиясын және құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидатын түсіндіру.
Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері мен қоғамдық қайраткерлер қатысты:
• Газдиев Борис Ахметович — Көліктегі полиция департаментінің анықтау басқармасының аға анықтаушысы, полиция подполковнигі;
• Сапарбек Абылайхан Айдынұлы — «Есірткісіз болашақ» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары.
Спикерлер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, тергеу және қоғамдық қызметтегі нақты мысалдарды келтіріп, жастардың құқықтық санасы мен жауапкершілігі туралы әңгімеледі.
Іс-шара интерактивті форматта өтті: студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірталасқа қатысып, заңды сақтау мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде пайдалы кеңестер алды.
Бұл кездесу жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал еткен пайдалы әрі қызықты іс-шара болды.
.png)