Жаңалықтар
Университет

Мәдениет, білім және диалог – «Туран-Астана» университеті студенттерінің басты назарында

18–20 қараша аралығында «Туран-Астана» университетінде студенттердің шығармашылық құзыреттерін дамытуға, медиасауаттылықты арттыруға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды әрі көпқырлы шаралар өтті. Студенттер барлық іс-шараға белсенді қатысып, жеке даму мен кәсіби өсуге деген жоғары ұмтылысын көрсетті.

 

18 қарашада университеттің би залында танымал хореограф Zartikk жетекшілігімен JAZZ FUNK бағытындағы мастер-класс ұйымдастырылды.

Шара заманауи би өнеріне қызығушылық танытқан студенттерді бір арнаға тоғыстырып, шығармашылық пен жастар энергиясының үйлесімін айқын көрсетті.

 

19 қарашада «Astana Online» диалог алаңында

«Ақпараттық кеңістіктегі жауапсыздық - қоғамға төнетін нақты қауіп» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Шараға депутаттар мен салалық мамандар қатысып, медиақауіпсіздік, цифрлық мәдениет және жастардың жауапты ақпараттық кеңістік қалыптастырудағы рөлі талқыланды.

 

20 қарашада университет қабырғасында студенттердің жазушы, «Студентке кеңес» кітабының авторы Арсен Шәдімен еркін форматтағы кездесуі өтті.

Кездесу барысында кітаптың ресми таныстырылымы өтіп, студенттер өз сұрақтарын қойып, оқу процесі мен студенттік өмірге қатысты өзекті мәселелерді талқылап, спикердің тәжірибесіне негізделген құнды кеңестер алды.

 

Апта соңында ЕҰУ им. Л.Н. Гумилёв және Astana IT University университеттерінің қатысуымен Омбудсмендер мектебі ұйымдастырылды.

Жиында студенттердің құқықтарын қорғау, этикалық нормалар, жанжалдың алдын алу, сондай-ақ білім беру ортасындағы тиімді коммуникация мәселелері қарастырылды.

Бұл бастама астананың жетекші оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайтып, академиялық қауымдастықта қауіпсіз және құрметке негізделген орта қалыптастыруға үлес қосты.

 

Өткен аптадағы іс-шаралар студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, цифрлық ортаға жауапкершілікпен қарауға, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарын кеңейтуге ықпал етті.

 

«Туран-Астана» университеті жастардың білімге, шығармашылыққа және қоғамдық белсенділікке деген ынтасын қолдай отырып, тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауды жалғастыруда.

Поделиться
Барлық жаңалықтар