Воспитательная работа "Национальное и международное право"
«Туран-Астана» университеті кітапханасындағы жаңа оқу әдебиеттері көрмесі
Осы аптада университет кітапханасының қоры жаңа оқу және ғылыми басылымдармен толықты! Оқу залында «Юриспруденция», «Цифрлық юриспруденция», «Экономиканы құқықтық реттеу» және «Халықаралық құқық» мамандықтарының студенттеріне арналған жаңа әдебиеттер көрмесі өтті.
Студенттер азаматтық, қылмыстық, халықаралық және конституциялық құқық бойынша жаңа оқулықтармен, сондай-ақ цифрлық құқық пен деректерді қорғау саласындағы өзекті басылымдармен танысты. Мұндай іс-шаралар студенттердің оқу мәдениетін арттырып, кәсіби көкжиегін кеңейтуге және терең білім алуға мүмкіндік береді.
Барлық студенттер мен оқытушыларды жаңа кітаптармен танысуға және оларды оқу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға шақырамыз!
