«TAU Startup Battle» стартап-жобалар байқауы жарияланды
«Тұран-Астана» университеті инновациялық идеяларды қолдауға, кәсіпкерлік ойлауды дамытуға және стартап-экожүйені қалыптастыруға бағытталған «TAU Startup Battle» байқауының өткізілетінін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты
Перспективалы стартап-жобаларды анықтау және қолдау, инновациялық белсенділікті ынталандыру, технологиялық және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту.
Тіркелу және өтінімдерді қабылдау
Байқауға қатысу үшін 2026 жылғы 30 наурызға дейін (қоса алғанда) келесі материалдарды электрондық пошта арқылы жіберу қажет:
k.shebeko@tau-edu.kz
- Жоба командасы туралы ақпарат (қатысушылардың аты-жөні, мәртебесі — студент / магистрант / докторант / кәсіпкер, оқу орны немесе ұйымы, байланыс деректері);
- Жобаның презентациясы;
- Жобаның қысқаша сипаттамасы.
Байқауға қатысуға шақырылады:
- «Тұран-Астана» университетінің студенттері, магистранттары және докторанттары;
- Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орындарының және шетелдік университеттердің білім алушылары;
- жас кәсіпкерлер, стартап негізін қалаушылар және бизнес-идея авторлары;
- құрамына студенттер, түлектер және түрлі сала мамандары кіретін жоба командалары.
Оқытушылар мен салалық сарапшылар байқауға ментор немесе сараптамалық комиссия мүшесі ретінде қатыса алады.
Жобалар форматы
Байқауға идея, прототип немесе ерте іске асыру кезеңіндегі, инновациялық құрамдас бөлігі бар және әлеуметтік, экономикалық немесе технологиялық маңызға ие жобалар қабылданады.
Жоба келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
- мәселенің сипаттамасы және ұсынылатын шешім;
- мақсатты аудитория;
- тәсілдің инновациялығы;
- іске асыру немесе монетизация моделі (болған жағдайда);
- жоба командасы және рөлдердің бөлінуі туралы ақпарат.
Презентацияға қойылатын талаптар:
- таныстырылым уақыты — 7 минуттан аспауы тиіс;
- бейнеролик көрсетуге рұқсат етіледі (1 минутқа дейін).
Жобаларды бағалау критерийлері:
- Идеяның түпнұсқалығы — жаңалығы мен бірегейлігі;
- Іске асырылуы — модельдің негізділігі және ұсынылған шешімнің шынайылығы;
- Инновациялығы — технологиялық, ғылыми немесе әлеуметтік инновация деңгейі;
- Команда — құзыреттілігі, тәжірибесі және рөлдердің бөлінуі;
- Әлеуметтік/экономикалық маңыздылығы — қоғамға немесе нарыққа ықтимал әсері;
- Масштабтау әлеуеті — жобаның тұрақтылығы мен даму перспективалары.
Жеңімпаздарды марапаттау:
- 1, 2 және 3 орындар;
- арнайы номинациялар (қазылар алқасының шешімі бойынша).
Жеңімпаздар мен финалистер келесі мүмкіндіктерге ие бола алады:
- «TAU-InnoHub» акселерациялық бағдарламаларына қатысу сертификаттары;
- менторлық және сараптамалық кеңестер;
- университет инфрақұрылымына қолжетімділік;
- демеушілер қарастырған өзге де сыйлықтар.
Байқау «TAU Startup Battle» студенттік стартап-жобалар байқауы туралы Ережеге сәйкес өткізіледі.
Байланыс тұлғасы:
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Константин Шебеко
Кәсіпкерлік орталығының жетекшісі
«Тұран-Астана» университеті
k.shebeko@tau-edu.kz