Жаңалықтар
Университет

Докторлық диссертацияның сәтті қорғалуымен құттықтаймыз!

«Тұран-Астана» университетінің (TAU) ұжымы Сапарова Дананы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында PhD докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды!

​Дауыс беру қорытындысы бойынша кеңестің мүшелері Дананың зерттеу жұмысының өзектілігін, тереңдігін және жоғары ғылыми деңгейін атап өтіп, бірауыздан «ЖАҚТАП» дауыс берді.

​Осы айтулы ғылыми жетістіктің негізін қалап, бағыт-бағдар берген ғылыми жетекші - Сапарова Гүлнар Кәрімқызына ерекше алғысымызды білдіреміз. Оның кәсіби тәжірибесі мен қолдауы бұл табысқа жетуде маңызды рөл атқарды.

​Отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген түлектерімізді әрқашан мақтан тұтамыз. Данаға жаңа кәсіби белестерді бағындыруды, ауқымды зерттеу жобаларын сәтті жүзеге асыруды және ғылым жолында таусылмас шабыт тілейміз!

​        

Поделиться
Барлық жаңалықтар