AU-2026 Қабылдау комиссиясы: Құжаттарды қабылдаудың ресми басталуы
«Тұран-Астана» университеті (TAU) жаңа 2026–2027 оқу жылына білім берудің барлық деңгейлері: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғанын жариялайды.
Бүгін TAU-да білім алу - бұл заманауи экономика үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін іргелі академиялық базаның, қолданбалы сараптама мен цифрлық технологиялардың синергиясы.
«Тұран - Астана» университеті Ғылыми кеңесінің 2026 жылғы 28 мамырдағы шешімімен «Тұран-Астана» университетіне білім алушыларды қабылдау қағидалары бекітілді. Құжат білім беру саласындағы заңнама мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік-құқықтық актілері негізінде әзірленген.
Қабылдау квоталарының мөлшері, сондай-ақ колледж түлектеріне арналған білім беру бағдарламаларының туысқан топтарының сәйкестігі бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілді.
Қағидалар бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу тәртібін анықтайды, сонымен қатар «Тұран-Астана» университетінің жеңілдіктер, шегерімдер мен әлеуметтік гранттар жүйесін реттейді.
TAU еңбек нарығының өзекті сұраныстарына бейімделген және білім беру деңгейлері бойынша құрылымдалған инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірледі.
Бакалавриат: Бизнес, басқару және құқық; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; Гуманитарлық ғылымдар; Дизайн, сервис және туризм.
Магистратура: Бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттар, соның ішінде сұранысқа ие жаңа аккредиттелген бағдарламалар — «Маркетинг» және «Комплаенс-қызмет».
PhD докторантура: «Экономика», «Қаржы» және «Менеджмент» бағдарламалары бойынша жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Қабылдау науқанының негізгі кезеңдері
Талапкерлер негізгі кезеңдердің бекітілген мерзімдеріне назар аударуы қажет:
Шығармашылық емтихандарға өтініштер қабылдау («Дизайн» бағыты): 20 маусым мен 7 шілде аралығында.
Арнайы және шығармашылық емтихандарды өткізу: 8-15 шілде аралығында.
Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау: 13-20 шілде аралығында.
Бірінші курсқа қабылдау: 25 тамызға дейін.
ҰБТ шекті баллдары
Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін келесі ең төменгі шекті баллдар белгіленген:
Жалпы білім беру бағдарламалары: 55 баллдан кем емес.
«Құқық» бағыты: 75 баллдан кем емес.
ҰБТ пәндері бойынша минималды талаптар: «Қазақстан тарихы», бірінші және екінші бейіндік пәндер - әрқайсысы бойынша 5 баллдан кем емес; «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» — әрқайсысы бойынша 3 баллдан кем емес.
Оқуға түсу үшін қажетті негізгі құжаттар тізімі
Қабылдау комиссиясына өтініш білдіру үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
ЖОО басшысының атына өтініш (негізінен қабылдау комиссиясында рәсімделеді);
Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (жалпы орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік / орта білімнен кейінгі / жоғары білім туралы диплом) қосымшасымен бірге;
Жеке басты куәландыратын құжат (салыстыру үшін түпнұсқасы, көшірмесі);
Туу туралы куәліктің көшірмесі (18 жасқа толмаған болса);
Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (18 жасқа толмаған болса);
ҰБТ сертификаты (бакалавриат үшін) или КТ сертификаты (жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін);
Іс-қағаздарын жүргізу бөлімінің жеке іс-парағы және еңбек өтілі бар тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжат (жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін);
TOEFL, IELTS, DSH, TFI, DELF, DALF, TCF сертификаттары (жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін, бар болса);
Көлемі 3х4 см болатын 8 фотосурет;
063 егу картасының көшірмесі;
№ 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
Тіркеу куәлігінің немесе әскери билеттің көшірмесі (ер жігіттер үшін);
Докторантураға түсушілер үшін ҰТО берген мемлекеттік тілді тапсыру туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ) (шетелдік азаматтарды қоспағанда).
«Тұран-Астана» университетінде білім алудың артықшылықтары
Университеттің білім беру бағдарламалары қатаң тәуелсіз сараптамадан өтіп, жетекші агенттіктермен (IQAA / БСҚТА) аккредиттелген.
Оқу процесіне жетекші ғалымдар, ғылым докторлары, профессорлар, сондай-ақ экономиканың нақты секторынан топ-менеджерлер мен практик-сарапшылар тартылған.
Студенттерге оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін заманауи инфрақұрылым, мамандандырылған ғылыми-зертханалық қор, Кітапханалық-ақпараттық орталық және озық цифрлық платформалар (соның ішінде «Platonus» АЖ) қолжетімді.
Студенттердің тұратын жері оның университет өміріне бейімделуінде басты рөл атқарады. TAU Студенттер үйі — бұл заманауи тұрғын үй кешені және университет өмірінің орталығы. Кеңістік жайлы өмір сүру жағдайлары студенттердің серпінді тынысымен ұштасатын толыққанды экожүйе ретінде жобаланған. Студенттер үйі білім алушыларды оқу ғимараттарына жақын жерде академиялық табыстар, тұлғалық өсу және қауіпсіз тұру үшін барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді.
Халықаралық ынтымақтастық: Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру және магистранттар мен PhD докторанттары үшін міндетті шетелдік тағылымдамалар.
Қабылдау комиссия
«Тұран-Астана» университетінде талапкерлердің құжаттарды барынша жайлы тапсыруын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Қабылдау аймағы техникалық жабдықтармен толық қамтылған, электронды кезек жүйесі жұмыс істейді, ал техникалық хатшылар мен кураторлар өтініштерді толтырудың әрбір кезеңінде жедел әрі білікті көмек көрсетуге дайын.
Білім беру бағдарламаларын таңдау, құжаттар тізімін нақтылау, сондай-ақ қолданыстағы жеңілдіктер мен шегерімдер жүйесімен танысу бойынша толық кеңес алу үшін қабылдау комиссиясының кураторларына хабарласа аласыз:
Мекенжайы: Астана қ., Ықылас Дүкенұлы көшесі, 29 («Тұран-Астана» университетінің Бас ғимараты)
Жедел желі телефондары: +7 (702) 912-39-97, +7 (700) 139-51-10
Ресми веб-портал: tau-edu.kz
«Тұран-Астана» университеті - зерттеулерге немесе негізделген шешімдер. Кәсіби табысқа бастар жолды бізбен бірге бастаңыз!