Жаңалықтар
Научно-исследовательская работа "Национальное и международное право"

«Арнайы құқықтық пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбында семинар өтті

2025 жылғы 17 сәуірде «Туран-Астана» университетінде «Арнайы құқықтық пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар спикері – Ресей Жаратылыстану академиясының академигі, заң ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері Капсалямов Қайрат Жақсылықұлы.
Семинар барысында оқытушылар құқықтық пәндерді оқытудың заманауи тәсілдерін, соның ішінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті білім беру процесіне енгізу мәселелерін талқылады. Құқық саласының цифрлануына байланысты болашақ заңгерлерді дайындаудың өзекті қырларына ерекше назар аударылды

Поделиться
Барлық жаңалықтар