«Тұран-Астана» университетінің студенттері — «Finlogic&Accounting» жоғары оқу орындары арасындағы зияткерлік ойынының жүлдегерлері
2026 жылғы 12 қарашада С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде қаржы, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдауға қызығушылық танытатын студенттердің басын қосқан «Finlogic&Accounting» жоғары оқу орындары арасындағы зияткерлік ойыны өтті.
Сайыс Қазақстан Республикасының Қаржыгерлер күні мен Бухгалтерлер күніне орайластырылды.
Біріншілік қатысушыларына бес тақырыптық кезеңнен өтіп, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) бойынша білімдерін, қаржылық талдау дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін және стандартты емес шешімдер таба білу шеберліктерін көрсету міндеттелді.
«Тұран-Астана» университетінің «Бизнес-әкімшілендіру» кафедрасының командалары лайықты нәтижелер көрсетіп, «Қаржы» және «Есеп мен Аудит» тобының студенттеріміздің кәсіби даярлығының жоғары деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.
Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша:
II орынды Asset Minds командасы иеленді:
-Амантай Рабира Мерекеқызы;
-Аманжолова Нурсана Жумабаевна;
-Молдағазы Ақмарал Сейлғазықызы;
-Капицева Владислава Сергеевна.
«The Financial Detectives» номинациясы бойынша диплом Fincore командасына бұйырды:
-Ассетулы Алан;
-Даулетхан Аян Бекұлы;
-Сагизбаев Рустам Алматович;
-Омельяненко Валерия Валерьевна.
Осындай зияткерлік сайыстарға қатысу студенттерімізге кәсіби бәсекелестік жағдайында өз білімдерін сынауға, талдау қабілеттерін дамытуға және қазіргі қаржы-экономика саласында сұранысқа ие практикалық міндеттерді шешу тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.
Студенттерімізді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!
Қол жеткізген табыстармен тоқтап қалмай, кәсіби құзыреттіліктеріңізді сенімді түрде дамытып, жаңа зияткерлік және мансаптық белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!
Студенттеріміздің табыстары мен жеңістерімен мақтанамыз!
