Жаңалықтар
Университет

«Тұран-Астана» университетінде «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы негізінде ашық семинар сабағы өтті

 

2025 жылғы 9 желтоқсанда «Тұран-Астана» университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай магистранттар мен профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен дөңгелек үстел форматында ашық семинар сабағы ұйымдастырылды.

Семинар барысында магистранттар мазмұнды әрі терең баяндамалар жасап, ғылыми көзқарастарымен бөлісті. Олар «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарын, қалыптасу тарихын және қоғам дамуы үшін маңызын жан-жақты ашып көрсетті. Іс-шараға қатысушылар ұлттық құндылықтарды сақтаудың, мемлекеттік идеологияны дамытудың және жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Поделиться
Барлық жаңалықтар