Жаңалықтар
Гендерлік теңдік және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту

Тамаша нәтижемен құттықтаймыз!

 

 

«Туран-Астана» университетінің студенті Нұржігітқызы Жанниет 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана қаласындағы Park Inn қонақ үйінде өткен «Полилог-2025» шешендік өнер байқауында 2-орынға ие болды.

 

Байқау Халықты құқықтық ағарту орталығының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы және ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

«Полилог-2025» байқауы «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге және жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталды. Қатысушылар 3 минутқа дейінгі жеке сөз сөйлеу форматында құқық, мемлекеттік басқару, адамгершілік құндылықтар, патриотизм және адам құқықтары тақырыптарын ашып көрсетті.

 

Жанниет университетіміздің атын лайықты қорғап, сенімділігімен, шешендік қабілетімен және терең білімімен ерекшеленді. Біз оған мақтанамыз!

Поделиться
Барлық жаңалықтар