TAU-InnoHub платформасы аясында жеке акселерациялық бағдарлама сәтті аяқталды
TAU-InnoHub платформасы аясында жеке акселерациялық бағдарлама сәтті аяқталды
«Тұран-Астана» университетінің «TAU-InnoHub» экожүйесінде Бимендина Нұрсұлу Бекентаевна үшін жеке акселерациялық бағдарлама сәтті жүзеге асырылды. Бағдарлама қатысушының жеке сұранысы негізінде әзірленіп, кәсіпкерлік құзыреттерді дамытуға, басқарушылық дағдыларды жетілдіруге, сондай-ақ жобаны масштабтауға және инвестиция тартуға дайындауға бағытталды.
Қатысушы сарапшылармен қарқынды жұмыс жүргізіп, тиімді бизнес-модель қалыптастыруға және жобаның стратегиялық дамуына назар аударды.
Бағдарлама құрамына:
• Жеке менторлық сессиялар;
• Сарапшылармен жеке консультациялар;
• Жобаны таныстырумен Demo Day-ге дайындық және қатысу кірді.
Бағдарламаның үйлестірушісі ретінде Инновация және ғылым департаментінің директоры А.М. Нурманов болды. Ол акселерацияның барлық кезеңдерінде сүйемелдеу және ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.
Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушы кәсіпкерлік саласындағы негізгі құзыреттерін күшейтіп, жобаны дамытуға арналған практикалық құралдарға ие болды және әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеуге дайындығын арттырды.
TAU-InnoHub жеке акселерациялық тректерді дамытуды жалғастырып, қатысушыларға сараптамалық қолдау, білім беру ресурстары және жобаларды масштабтау мүмкіндіктерін ұсынады.
TAU-InnoHub — инновациялық идеяларды жүзеге асырып, оларды жаңа деңгейге шығарғысы келетін стартаптар мен кәсіпкерлер үшін өсу алаңы болып табылады.
