Жаңалықтар
Университет

TAU университеті Ректорының грантына конкурс

Ректор гранттары жыл сайын конкурстық негізде беріледі. Біздің мақсатымыз — дарынды әрі мақсатқа ұмтылған жастарды қолдау, оқуға деген ынтаны арттыру және болашақ көшбасшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу.

Конкурсқа қатысу шарттары:

ҰБТ нәтижелері: 100 балл және одан жоғары (толық ҰБТ-ның жалпы балы ескеріледі).

Ерекше жетістіктер (артықшылық береді):

«Алтын Белгі» белгісінің болуы.

Халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадаларда немесе ғылыми конкурстарда жүлделі орындар үшін берілген грамоталар мен дипломдар.

«Аударма ісі» ББ үшін арнайы талап: 6.0 және одан жоғары балы бар IELTS сертификатының болуы Ректор гранты конкурсына қатысуға құқық береді.

Маңызды талап: Мемлекеттік грантқа өтініш берген кезде «Тұран-Астана» университетін тізімде бірінші болып көрсету қажет (ЖОО коды: 184).

Маңызды мерзімдер:

Өтінімдерді қабылдау және конкурстық іріктеу: 1 шілде мен 23 тамыз аралығында.

Конкурс нәтижелерін жариялау: 24 тамыз.

Болашағыңды TAU-мен бірге қалыптастыр!

Құжаттарды тапсыру бойынша сұрақтарың бар ма? Қабылдау комиссиясы көмектесуге дайын:

+7 (702) 912-39-97

+7 (700) 139-51-10

Поделиться
Барлық жаңалықтар