Жаңалықтар
Университет

Білім беруді цифрлық трансформациялау: TAU EDP Hub ұсынған инновациялық шешімдерді енгізуде

«Тұран-Астана» университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен «EDP Hub» ЖШС өкілі Гүлжаухан Бикжанованың қатысуымен сарапшылық сессия өтті. Университет кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылған бұл шара жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми экожүйесін жаңғырту жолындағы маңызды қадам болды.

Диалогтың негізгі тақырыбы цифрландырудың қолданбалы құралдарына арналды. Қарқынды өзгерістер дәуірінде университет оқу мен зерттеу жұмыстарына жаңа көкжиектер ашатын жоғары технологиялық платформаларға басымдық беріп отыр.

Қатысушылар цифрлық оқытудың жаңа стандарттарын, E-UNI.KZ платформасының функционалын және IPR SMART зияткерлік жүйесінің мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерделеді. Бұл ресурстарды оқу процесіне интеграциялау келесі мүмкіндіктерге жол ашады:

өзекті ғылыми әдебиеттерге жедел қол жеткізуді қамтамасыз ету;

күнделікті оқу процесіне заманауи онлайн-сервистерді енгізу;

студенттердің білім алу траекториясын дербестендіру.

Кездесуде TAU оқытушыларының ғылыми әлеуетін дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Жоғары оқу орны ғалымдарының халықаралық беделін арттырудың практикалық тетіктері талқыланды, оның ішінде:

ғылыми жарияланымдарға DOI идентификаторларын беру;

еңбектердің дәйексөз алу индексін (цитируемость) арттыру құралдары;

университет еңбектерін әлемнің жетекші электрондық кітапханаларына орналастыру.

Кездесу тәжірибе алмасудың сындарлы жағдайында өтті. Талқыланған шешімдер университеттің IT-инфраструктурасын одан ары дамытудың негізі болады. TAU инновацияларды енгізу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыра отырып, өз қызметкерлері мен білім алушылары үшін барынша жайлы әрі заманауи цифрлық орта қалыптастыруда.

«Тұран-Астана» университеті - ғылым мен білімнің болашағына бағытталған цифрлық интеграция платформасы.

Поделиться
Барлық жаңалықтар