«Тұран-Астана» университеті - «Заң мен Тәртіп» ұлттық нарративін іске асырудың зияткерлік платформасы
Бүгінгі таңда «Тұран-Астана» университеті (TAU) «Заң мен Тәртіп» стратегиялық қоғамдық нарративін ілгерілетудің негізгі алаңына айналып отыр. Мұның жарқын дәлелі ретінде Сарыарқа ауданы прокуратурасының сарапшылық қолдауымен «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының студенттері үшін ұйымдастырылған симуляциялық қылмыстық процесс болды.
Дәріс беруші ретінде аға прокурор А. Саматқызы мен прокурор С. Ерубаев шақырылды
Сот ісін жүргізудің шынайы атмосферасына бойлау - TAU-да жаңа буын заңгерлерін даярлаудың стандарты болып табылады. Осындай практикаға бағытталған форматтар студенттерге теориялық білімді шынайы жағдайларға барынша жақындатып сынап қана қоймай, жоғары құқықтық мәдениет пен кәсіби жауапкершілік этикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қадағалау органының қолданыстағы қызметкерлерімен тікелей диалог оқу бағдарламасын терең меңгеруге септігін тигізіп, болашақ мамандардың құқық қолдану қызметіне деген қызығушылығын арттырады.
Осындай білім беру бастамаларын дамыта отырып, «Тұран-Астана» университеті заң үстемдігін нығайтуға және еліміздің құқықтық жүйесі үшін білікті адами капиталды даярлауға елеулі үлес қосуда.