Жаңалықтар
Университет

Құрметті әріптестер, студенттер және қауымдастық мүшелері!

Студенттер мен оқытушыларды, сондай-ақ барша отандастарымызды айтулы мереке - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

​Көк байрағымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз - бұл біздің егемендігіміздің, бірлігіміз бен Тәуелсіздігіміздің мызғымас белгілері. Мемлекеттік рәміздер әрбір азаматтың бойында отансүйгіштік сезімді ұялатып, ел игілігі жолында жаңа жетістіктерге жетелейді.

​«Тұран-Астана» университеті жас ұрпақтың бойында мемлекеттік рәміздерге деген терең құрмет пен ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды. Біздің студенттеріміз бен түлектеріміз өз білімімен, ғылыми және спорттық жетістіктерімен еліміздің көк туын халықаралық аренада асқақтата беретініне сенімдіміз.

​Осынау айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақ-береке және Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз! Еліміздің беделі биік, болашағы жарқын болсын!

​

 

Тұран-Астана» университеті

 

Поделиться
Барлық жаңалықтар