Қымбатты мектеп түлектері, құрметті ата-аналар мен ұстаздар!
Бүгін - еліміздің барлық мектептерінде сыңғырлаған соңғы қоңырау соғылып, өмірдің жаңа бір белесіне жол ашатын ерекше толқынысты күн. «Тұран-Астана» университеті баршаңызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз - бұл үлкен жетістіктердің бастамасы ғана. Ендігі кезекте сіздердің алдарыңызда болашақ мамандықты таңдау және өз әлеуеттеріңізді толықтай іске асыру міндеті тұр. Қазіргі заманда табысты мансап пен тұлғалық өсудің негізі — сапалы білім мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту екені даусыз.
«Тұран-Астана» университеті (TAU) өз болашағын сенімді құрғысы келетін және заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби маман болуды мақсат еткен әрбір түлекке есігін айқара ашады.
Біздің қабырғамызда сіздерді біліктілігі жоғары оқытушылар құрамы, халықаралық тағылымдамалар мен қос дипломдық бағдарламалар, сондай-ақ жарқын студенттік өмір күтеді.
Есіңізде болсын, бүгінгі таңдау - ертеңгі табыстың кепілі.
«Тұран-Астана» университетімен бірге өз биіктеріңізді бағындыруға шақырамыз!
Ақ жол, қымбатты түлектер! ҰБТ-да сәттілік тілейміз!