Жаңалықтар
Учебно-методическая работа "Национальное и международное право"

Оқу жылы барысында кафедра оқытушылары студенттермен ашық сабақтар өткізеді.

Мұндай шаралар оқу-әдістемелік жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады, себебі олар озық педагогикалық тәжірибені таратуға, инновациялық тәсілдерді енгізуге және білім беру процесінің сапасын жетілдіруге ықпал етеді. Жаңа оқу жылындағы алғашқы ашық дәрістердің бірі профессор, РЖҒА академигі Қапсәлямов Қ.Ж. «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен өткізген дәріс болды. Ашық сабақтар ППҚ үшін де, студенттер үшін де үлкен маңызға ие. Оқытушылар үшін олар әдістемелік тәжірибемен алмасуға, оқытудағы өзекті мәселелерді талқылауға және педагогикалық шеберлікті арттыруға мүмкіндік береді. Студенттер үшін — білімдерін тереңдетуге, оқу материалына жаңа көзқараспен қарауға, жетекші мамандардан тәжірибе алуға және сыни ойлау дағдыларын дамытуға жол ашады. Ашық сабақтарды өткізу университеттің академиялық мәдениетін нығайтып, кәсіби орта қалыптастыруға және болашақ мамандарды жоғары деңгейде дайындауға септігін тигізеді.

Поделиться
Барлық жаңалықтар