Жаңалықтар
Учебно-методическая работа "Национальное и международное право"

4-курс студенттеріне арналған вебинар

2025 жылғы 17 қазанда «Туран-Астана» университетінің «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Теміржанова Л.А. Астана қаласының заң кеңесшісі, Sergek Group компаниясының бас заңгері Сәбитов Бауыржан Сабитовичпен бірлесіп ЮП-22-2, ЮП-24-2 және УС-ЮП-23-2 топтарының 4-курс студенттеріне арналған вебинар өткізді.

 Дәріс тақырыптары:
– «Медиация — дауларды шешу тетігі. Медиация рәсімін қолданудың практикалық аспектілері»
– «Sergek бойынша — жеке және мемлекеттік ұйымдарды маман ретінде тарту (АІЖК 77-бабы). Құқықбұзушылықтарды тіркеу және шағымдану мәселелері».

Тәжірибелі заңгер құқықбұзушылықтарды тіркеу мен шағымданудағы өзекті мәселелерді түсіндіріп, медиация рәсімін қолданудың практикалық қырларын ашып көрсетті және студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 Тыңдаушыларға ауқымды эмпирикалық материал мен статистикалық деректер ұсынылды. Студенттер дәріс барысында белсенді диалогқа қатысты, вебинар мазмұнды әрі қызықты өтті.

Поделиться
Барлық жаңалықтар