«Заң шығару үдерісін ғылыми-лингвистикалық сүйемелдеу»
Ғылым апталығы аясындағы дәріс-презентация
«Туран-Астана» университетінде Ғылым апталығы аясында «Заң шығару үдерісін ғылыми-лингвистикалық сүйемелдеу» тақырыбында дәріс-презентация өтті.
Дәріскер: заң ғылымдарының кандидаты, доцент Примашев Нурзада Маханбетович.
Іс-шараға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары мен зерттеушілері қатысты:
▪ Caspian University
▪ «Әділет» Жоғары құқық мектебі
▪ Almaty Management University
▪ «Туран» университеті (Алматы қ.)
▪ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
▪ Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
▪ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Дәріс барысында нормативтік құқықтық актілердің сапасы, лингвистикалық сараптама және құқық шығармашылығындағы ғылымның рөлі талқыланды.
Белсенді қатысқандары үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!