Воспитательная работа "Национальное и международное право"
«Zaman» тобының студенттерін осы жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2024 жылғы 27-ші қараша күні «Тұран-Астана» университетінде студент-жастар арасында «Жастар орталығы»ның ұйымдастыруымен «Qazaq Quiz - 2024» интеллектуалды сайысы өткізілді.
Онда университеттің әрбір кафедрасынан командалық 6 топ қатысты.
Бұл сайысқа «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасы атынан «Құқықтану» мамандығы ЮП-24-1 тобының 5 студентінен құралған «Zaman» тобы қатысып, жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды.
Команда I дәрежелі дипломмен және кубокпен марапатталды.
Топтың құрамы:
1.Айтимбет Айша;
2.Ермекбай Қайрат;
3.Кадырова Айжан – команда капитаны;
4.Сұлтан Бибарыс;
5.Токмырзаева Гауhар.
