Беспаев Мұрат Ерікұлы

Беспаев Мұрат Ерікұлы
Аға оқытушы

Мұрат Ерікұлы Беспаев, Тұран-Астана университеті «Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасының аға оқытушысы.

1980 жылы Арқалық қаласында, Қазақстан Республикасында дүниеге келген.

2003 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «АӨК-тегі экономика және менеджмент» мамандығы бойынша (экономист-менеджер) тәмамдады.

2012 жылғы 01 қазаннан 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті аспирантурасында 08.00.05 «Халық шаруашылығы экономикасы және басқару» мамандығы бойынша білім алды.

2013 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері болды.

Жарияланымдары:

20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.

Негізгі жарияланымдары:

– «Ресей экономикасының инновациялық дамуының басымдығы ретінде вариативті жоғары білім негізінде адами капиталды қалыптастыру және дамыту»

– «Оқытудың кредиттік технологиясындағы білім беру вариативтілігі»

– «Адами капиталға инвестицияларды талдау (Ресейдің жоғары білімі мысалында)»

– «Адами капитал теориясының қалыптасуы мен дамуы»

– «Адами капиталды қалыптастыру мен дамытудағы жоғары білімнің рөлі»

– «Жеке тұлғаның адами капиталы: қалыптасу және даму мәні»

– «Жоғары білім – адами капиталды дамыту факторы»

– «Қазіргі еңбек нарығы жағдайында адами капиталды дамыту»

– «Ресейдің жоғары білім беру жүйесіндегі заманауи реформалар жағдайындағы адами капиталды дамыту мәселелері»

– «Жоғары білікті кадрларды даярлау тәжірибесіндегі оқыту формаларының вариативтілігі»

– «Ұйымды басқарудың заманауи тәжірибесіндегі персоналды ынталандыру»

– «ЖОО-да оқу кезеңінде кәсіби құзыреттерді дараландырылған қалыптастырудың қарама-қайшылықтары»

– «Қазақстан Республикасындағы инновацияларды дамытудағы жоғары оқу орындарының кластерлік тәсіл негізіндегі рөлі»