1970 жылғы 18 шілдеде Шығыс-Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.
1993 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Семейдің зоотехникалық-ветеринарлық институтының «Тілдер» кафедрасының оқытушысы ретінде бастады.
1996-2002 жылдары Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтында оқытушы болды.
2002-2004 жылдары Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінде «Жалпы тіл білімі» кафедрасында тағлымдамадан өтті.
2004-2005 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Филология факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2005– 2007 жылдары Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі кафедрасы доценті Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақ тіл және журналистика кафедрасы профессоры болды.
2007–2009 жылдары Павлодар қаласының Инновациялық Еуразия университетінде қызмет атқарды.
2009-2018 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры болды.
2013–2015 жылдары Гуманитарлық-педагогикалық факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды.
2018 – 2022 жылдары Тұран Астана университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер кафедрасы профессоры болды.
2019-2022 жылдары Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер кафедрасы меңгерушісі болды.
2022-2025 жылдары «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталық» КеАқ, Қолданбалы лингвистика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері болды.
Негізгі ғылыми нәтижелері: Барлығы 100 аса ғылыми жарияланымы бар, оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда – 38, Scopus және Web of Science базаларына кіретін журналдарда - 9, басқа ғылыми басылымдарда - 8, монография-2, ұжымдық монография -4, жеке оқу құралы -4, авторлас оқу құралы - 8, электрондық оқу құралдары - 5.
Марапаттары: 2011 жылы «ЖОО Үздік оқытушысы» грантының иегері атанған.
2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған.
2024 жылы «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» орденінің иегері атанған.
2024 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталған.
2024 жылы Қостанай облысы әкімінің Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған медалінің иегері атанған.
Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті болып қызмет атқарады.