"Тұран-Астана "университеті" Мекемесі келесі профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

Құқық және гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі:

 

1) "Ұлттық және халықаралық құқық"кафедрасы:

 - "Азаматтық құқық" ББ-профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

 - "Халықаралық құқық" ББ-профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

2)"Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және тіл пәндері"кафедрасы:

 - "Әлеуметтік ғылымдар: философия, саясаттану, мәдениеттану, әлеуметтану" ББ-профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" ББ-профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

 - "Орыс тілі мен әдебиеті" ББ-профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

 - "Аударма ісі" ББ-доцент, аға оқытушы, оқытушы.

 - "Филология" ББ-профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

 - "Психология" ББ-профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

 

Жоғары бизнес және цифрлық технологиялар мектебі:

1) "Бизнес әкімшілендіру" кафедрасы:

- "Қаржы" ББ-профессор, қауымдастырылған профессор, доцент.

- "Есеп және аудит" ББ-профессор, қауымдастырылған профессор, доцент.

2) "Дизайн, сервис және туризм"кафедрасы:

 - "Өнер" ББ-доцент, аға оқытушы, оқытушы.

 - "Қызмет көрсету" ББ-доцент, аға оқытушы, оқытушы.

3) "Ақпараттық технологиялар" кафедрасы:

 - "Акт" ББ-доцент, аға оқытушы, оқытушы.

 

       Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсына "Тұран-Астана"университеті қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес бейіні бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар жіберіледі.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі: белгіленген үлгідегі өтініш; жоғары білім және/немесе академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат, ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса), еңбек өтілін растайтын құжат. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынуға құқылы.

      Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесі, 29 үй, каб. В205 "Тұран-Астана " Университеті" Мекемесі немесе эл.мекен-жайы: cv@tau-edu.kz

Байланыс орталығы