ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КОНКУРС ХАБАРЛАНАДЫ «Тұран-Астана» университеті» мекемесі 2026 – 2027 оқу жылына
Все вакансии университета
Вакансия

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КОНКУРС ХАБАРЛАНАДЫ «Тұран-Астана» университеті» мекемесі 2026 – 2027 оқу жылына

2026 жылғы 21 шілде

Описание и требования

«Тұран-Астана» университеті» мекемесі профессор-оқытушылар құрамының төмендегі бос лауАЗЫМДАРЫНА орналасуға конкурс жариялайды:

 

Құқық және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі:

«Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасы:

- «Халықаралық құқық» БББ бойынша: доцент лауазымына (ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы бар) – 1 бірлік, немесе аға оқытушы лауазымына – 1 бірлік.

«Психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы:

- ЖБП циклінің пәндері бойынша (әлеуметтану): доцент лауазымына (ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы бар) – 1 бірлік, немесе аға оқытушы лауазымына – 1 бірлік.

«Тілдік коммуникация және аударма ісі» кафедрасы:

- «Аударма ісі» БББ бойынша (ағылшын тілі, қытай тілі): профессор/доцент лауазымына (ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы бар) – 1 бірлік, және аға оқытушы/оқытушы лауазымына – 3 бірлік.

 

Бизнес және цифрлық технологиялар жоғары мектебі:

«Бизнес-әкімшілендіру» кафедрасы – 0 бірлік;

«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы – 0 бірлік;

«Ақпараттық технологиялар» кафедрасы – 0 бірлік.

 

       Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсына «Тұран-Астана» университеті қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, бейіні бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар және/немесе практикалық жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар жіберіледі.

      Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: белгіленген үлгідегі өтініш; жоғары білімі және/немесе академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат, ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болса), еңбек стажын, кәсіби деңгейін растайтын құжат (біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар).

     Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне қатысты қосымша ақпаратты, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынысхаттарды және т. б. ұсынуға құқылы.

     Конкурсқа қатысу үшін өтініштер мен құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Ы. Дүкенұлы көшесі, 29-үй, В 606 каб., немесе электрондық пошта арқылы: cv@tau-edu.kz

 

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2026 жылғы 21 тамыз, сағат 18.00-ге дейін.

 

Кафедралардағы сұхбаттасу: 2026 жылғы 24 тамызда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.

Бос лауазымдарға орналасуға арналған КОНКУРС өтетін уақыты мен орны: 2026 жылғы 24 тамыз, сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін, Астана қ., Ы. Дүкенұлы көш., 29, В410 каб.