ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

"Тұран-Астана "университеті" Мекемесі келесі профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

    Құқық және гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі:

1) "Ұлттық және халықаралық құқық"кафедрасы:

 - "Құқықтану " ББ - профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

2) "Тілдік коммуникация және аударма ісі " кафедрасы:

- "Филология" ББ -профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

- "Қазақ тілі мен әдебиеті" ББ - профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

3) «Психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы:

 - «Психология» ББ – профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

-  ЖОО циклының пәндері – профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы.

 

      Жоғары бизнес және цифрлық технологиялар мектебі:

1) "Бизнес әкімшілендіру" кафедрасы:

- "Есеп және аудит" ББ-профессор, қауымдастырылған профессор, доцент.

2) "Дизайн, сервис және туризм"кафедрасы:

 - "Дизайн" ББ-доцент, аға оқытушы, оқытушы.

- "Режиссура" ББ-доцент, аға оқытушы, оқытушы

3) "Ақпараттық технологиялар" кафедрасы:

-  Кафедра меңгерушісі.

- "Ақпараттық жүйелер»" ББ-доцент, аға оқытушы, оқытушы.

- "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" - ББ -доцент, аға оқытушы, оқытушы.

    

    Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсына "Тұран-Астана"университеті қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес бейіні бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар жіберіледі.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі: белгіленген үлгідегі өтініш; жоғары білім және/немесе академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат, ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса), еңбек өтілін растайтын құжат. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынуға құқылы.

      Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесі, 29 үй, каб. В205 "Тұран-Астана " Университеті" Мекемесі немесе эл.мекен-жайы: cv@tau-edu.kz

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, сағат 18.00-ге дейін.

 

Кафедралардағы сұхбат 2025 жылғы 16 қыркүйекте сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

   

     Бос орындарға байқау: 2025 жылғы 17 қыркүйекте  сағат 15:00-де өтеді. Мекенжайы: Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі 29, В410 кабинет.