"Тұран-Астана "Университеті " Мекемесі" 2025-2026 оқу жылына арналған.
"Тұран-Астана "Университеті " Мекемесі" 2025-2026 оқу жылына арналған.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

"Тұран-Астана "Университеті " Мекемесі"

2025-2026 оқу жылына арналған.

 

26 желтоқсан 2025 жыл

«Тұран-Астана» университеті» мекемесі профессор-оқытушылар құрамының келесі бос лауазымдарын иеленуге конкурс жариялайды:

 

Құқық және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі:

  1. «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасы:
    – «Құқықтану», «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламалары бойынша – доцент - 1, аға оқытушы - 1.
  2. «Психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы:
    – «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша – аға оқытушы -1;
    – Жалпы білім беру пәндері циклі бойынша – аға оқытушы - 1.
  3. «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және тілдік пәндер» кафедрасы:
    – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша – доцент-1;
    – Жалпы білім беру пәндері циклі бойынша – доцент-1.

 

Бизнес және цифрлық технологиялар жоғары мектебі:

  1. «Бизнес-әкімшілендіру» кафедрасы:
    – «Есеп және аудит», «Қаржы», «Экономика» білім беру бағдарламалары бойынша – профессор -1, доцент -1.
  2. «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы:
    – «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша – аға оқытушы- 1.
  3. «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы:
    – «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламалары бойынша – доцент - 1, аға оқытушы- 1.

Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарын иеленуге арналған конкурсқа «Тұран-Астана» университеті қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, тиісті бейін бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: белгіленген үлгідегі өтініш; жоғары білім және/немесе академиялық және/немесе ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері; ғылыми атағы туралы құжат; ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда); еңбек өтілін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын сертификаттар, бұрынғы жұмыс орнынан берілген ұсынымдар және т.б.) ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер мен құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады:
Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесі, 29-үй, В 606 кабинет,
«Тұран-Астана» университеті» мекемесі,
немесе электрондық пошта арқылы: cv@tau-edu.kz

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, сағат 18:00-ге дейін.

Кафедралардағы әңгімелесу 2026 жылғы 13 қаңтарда, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Бос лауазымдарды иеленуге арналған конкурс
2026 жылғы 14 қаңтарда, сағат 14:00-де,
Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі, 29-үй, В410 кабинетте өтеді.